«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Не себеп екенін білмеймін, соңғы кезде өз-өзімді танымай барамын. Адамдарға деген сенімім, құрметім жоғалып барады. Көп сөйлемеймін, жалғыз өз мұңыммен өзара сырласа бергім келеді. Күлкім өз күлкім емес,әлдебіреудікі сияқты. Қуанышымнан мұңым басымырақ.
Қорқамын... Өзгеден емес, өзімнен қорқамын. Жаның қиналып, енді бірде үмітің сөніп, қайта жана бастағанда, жақын адамдардың бөгде адамға айналғанда, адамдардың опасыздығынан зардап шеккенде не істеріңді білмей дал болады екенсің.
Білмеймін... Осының зардабынан кісіге деген ақпейіл көңілім ада боп барады. Аяушылық сезімім сөніп барады. Бұрын болмашыға мән бермеуші едім. Кісі айыптап, балағаттап жатса да сынбаушы едім. Бүгінде ит қапты екен деп, өзім де ит болатын жағдайға жетіппін.
Кейде ойлаймын, неге біз осы адамзатты тазартпайды екенбіз, а, неге?
Кілемді шаң-тозаңнан арылтқандай, адамзатты дімкестіктен, арам пиғыл мен теріс көзқарастан, дүниеқоңыздық пиғылдардан аластамайды екенбіз.
Неге...
Айнұр Мейрбек