Гауһар Әлімбекова: Моральдік тұрғыдан шаршадым

Oinet.kz 27-03-2019 1371

Screenshot_2.jpg

Кеше Алматыда әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты сот отырысы өтті. Сот отырысының барысында әнші өзінің кінәсі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Мен тағы қайталап айтамын, мен жәбірленуші Бақыт Назаровадан ешқашан ақша алған емеспін, көрген де жоқпын. Егер де менің кінәм болса, ол ақшаны алған болсам немесе Фирузаға беріп жатқанын көрген болсам, 2-3 концерт жасап, ол ақшаны қайтаратын едім. Сол үшін де үш жылдан бері шығармашылығым тоқырап, денсаулығыма нұқсан келді, моральдық тұрғыда шаршадым. Себебі, түбі бір әділдік болар деп, сол әділдікке сеніп жүрдім. Шынымды айтсам, басында түсініксіз, қызық жағдай болып көрінді. Алайда артынша күрделеніп кеткеннен кейін, заңгерлерден сұрастырдым. 3 жыл бойы әділдікке сеніп келдім. Сондықтан сіздерден әділ жағын шешіп берсеңіздер деп сұраймын және әділ шешім шығарады ден сенемін», - дейді әнші.

Өз сөзінде Әлімбекова жәбірленуші Бақыт Назаровадан 40 мың доллар көлемінде ақша алмағанын айтты. Сондай-ақ, өзімен қатар айыпталған Фируза Ордабаеваның үстінен арыз жазбағаны үшін опық жеп келе жатқанын жеткізді.

«Ақша алған жоқпын. Оны екеуі келісіп алып, маған солай жала жауып отыр маған. Ол менен 5 мың долларды бірден сұраған жоқ. ...Ордабаева кетіп бара жатқанда маған қоңырау шалып, жылады. «Гаухар, үстімнен арызды басқа жазса да, сен жазбай-ақ қойшы. Мен жақында шығамын. Білесің ғой, мен бәрі бір қалмаймын, шығамын. Шыққаннан кейін ақшаларыңды қайтарамын», - деді. Мен сол үшін арыз жазбадым және жазбағаным үшін кінәлі болып келе жатырмын», - дейді Әлімбекова.

Сот отырысында сот төрағасы Гауһар Әлімбековадан «яғни кінәм жоқ дейсіз» деп сұрады.  «Кінәм жоқ.  Мүлде кінәм жоқ», - деп қысқа қайырды Гауһар Әлімбекова.

Айта кетсек, бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Әлімбекованың кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Ал әншінің адвокаты Әлімбекованың да алаяқ Ордабаеваға алданып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жәбірленуші Бақыт Назаровамен кездесіп, оған әншілер жинап берген 8 миллион теңгені ұсынғанын жоққа шығармай айтты.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды
Қарызға батқан әке бір жарым жасар қызын сатып жібермек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу