Ештеңені жоғалтып алудан қорықпа
Егер сені сатып кетсе — яғни, бір қуат баспалдағына жоғары шығарғаны. Өмірдің ескі бағдарламасынан айнып, жаңа мүмкіндік есіктері ашылады. Адамның жүрегі қан жылаған сайын оған ерекше ырыс пен береке беріледі.
Тәніңнің шеккен ауруынан – астралды өткізгіш ашылады. Жүректің шеккен қайғысынан менталды өткізгіш ашылады. Менталды көңіл қалудан – рухани есік ашылады. Рухани тоқырау одан да нәзік әлемге жетелейді. Осылай тізбек үзілмей кете береді. Кей адам бір қиындыққа тап болғанда соның шегінен шыға алмай қалады. Тек қана уайым мен қайғы арқылы сол жағдайды жүректен сан рет сүзіп өткізіп, өзінің менін өсіре алады. Немесе мәңгілікке сол жағдайдың арнасынан аса алмай кетеді. Қайғы шекпеу? Ол мүмкін емес. Бұл адамның туабітті болмысы. Жаратушы оны солай жаратқан. Сонда ғана адам белсенді ізденіске бейім болады. Адамның жан дүниесінде жақсылыққа деген ізденісін жемісті ету үшін – ол бір нәрсе жоғалтуы тиіс. Неге? Өткен шақ пен болашақ арасындағы таңдау солай жүзеге асады. Ыңғайлы, әдеткі, таныс дүниеден бас тарту оңай емес... Қорқыныш пен Махаббат қатар жүреді. Сен не Махаббатты таңдайсың. Не Қорқынышпен күн кешесің. Құдайына сенбеген адам өзімен өзі лас ойын бастайды. Стратегиялық есеп құрайды. Бірақ онысы Жаратушының бағдарламасына сай келмей қап жатады. Ақыры өмірден түңілуге әкеледі. Адам әр күнін басқарғысы келеді. Жоспарының күл-талқаны шыққан сайын қайғы-мұңға беріледі. Қолына қайтадан жаңа кенеп пен бояу беріп, өмірді жаңадан салуға мәжбүрлейді. Қайтадан қорқыныш... Қысым жасалады... Сондықтан шарттылық бар жерде, тағдырыңа сенімсіздік бар жерде қайғысыз өмір жоқ.
Сондықтан сатқындық – сенің «Меніңнің» сенім емтиханы. Сатып кетсе – Алланың қолына тапсырғаны. Ары қарай таңдап отырмайсың. Қорқыныш Махаббат пен Көндігуге орын беруі тиіс.
ОШО
Аударған Шынар Әбілдә