Тартылыс күші: арманыңызды орындауға көметесетін 12 қағида
Адам әрдайым арманының орындалуына бірнеше қадам қалғанда төзімі таусылып қалады.
Тартылыс күші – ерекше заңдылық, сол заңдылық бойынша өмір қалыптасады. Сондықтан әр адам ішкі түйсігінде өз өміріне керектіні тарта білуі тиіс. Арманыңызды орындау соншалық қиын емес.
Дүние жүзін аралағыңыз келе ме? Кітап жазғыңыз келе ме? Әлде өз кәсібіңізді ашып, жаңа мейрамхана ашқанды жөн көресіз бе? Әр адамның ерекше арманы болады. Бірақ олардың орындалуына аз ғана адам сене біледі. Ешкім ешқашан сізге бұл қолыңнан келмейді демесін. Өзіңізге сеніңіз! Арманыңызды, мақсатыңызды іздеңіз, табыңыз. Соның барлығының орындалуы оңай деп қабылдаңыз. Өмір өзгелер ойлағандай қатал да, қиын да емес. Өмірде күн сайын сан алуан ғажайыптар орын алып жатыр.
1. Көңілді болыңыз.
Өмірге дұрыс көзқарасты ұстаныңыз. Нені айтсаңыз да, істесеңіз де, бәрін шын ниетпен атқарыңыз. Өзіңізге тек жағымды ойларды тартыңыз, немен шұғылдансаңызда күліп жүріңіз. Ойыңызда жағымдылық қаншама көп болса, өміріңізде жағымсыздық та соншалық аз болады.
2. Риза болыңыз.
Сіз ризалық айтатын көп дүние бар. Отбасыңызға алғыс айтыңыз. Достарыңызға алғыс айтыңыз. Шаңырағыңыз үшін алғыс айтыңыз. Алдыңыздағы ас үшін алғыс айтыңыз. Барлық қызыққа толы өмір үшін алғыс айтыңыз. Сіздегі барды армандап жүрген көп адам бар. Қолыңызда көп игілік барын сезініңіз. Алғыс айтыңыз.
3. Арманға сеніңіз.
Армандаған дүниеңізді өз өміріңізге шақырыңыз. Адамның арманы оның өмірін ғажапқа бөлейді. Сіз қалаған нәрсенің бәрі орындалатынына мүлтіксіз сеніңіз.
4. Түйсікке сеніңіз.
Сіздің санаңызда не болып жатқанын тек сіз ғана бақылай аласыз. Жақсы әсер алған дүниені өзіңіз де жасап көріңіз. Ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Түйсігіңіз сізге көмектеседі. Соны тыңдаңыз.
5. Жүрегіңізді тыңдаңыз.
Тартылыс заңдылығы сіздің жүрегіңізге әсер ететін болады. Егер жүрегіңіз қайғыға душар болса, батыл болыңыз, оны жеңуге бар күшіңізді салыңыз. Батылдық күш береді. Өзгелер төменге тартып кетпесін. Айнадаңызда сіздің қолыңыздан бәрі келетініне сенетін адамдар болсын. Оларды да қолдап отыруды ұмытпаңыз.
6. Түйсікті тыңдай біліңіз.
Түйсік әрдайым дұрыс деп айтамыз. Кейде түйсік адамды әлсіз етуі мүмкін. Әлсіз болмаңыз. Әлсіздікке берілмеңіз. Әрдайым денсаулықты күтіңіз.
7. Саяхаттау адамды жаңа деңгейге көтереді.
Саяхаттау — өмірді өзгертетін ең керемет тәсіл. Саяхатқа шыққан сайын жаңа жерлерді көресіздер, жаңа адамдармен танысасыз, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізесіз. Өмірді өзгертетін «механизм» үшін керемет жанармай болады.
8. Өзіңізге ұнайтын нәрсемен шұғылдануға уақыт бөліңіз.
Тартылыс заңы адам нені қаласа, соны алдына келтіреді дейді. Ұнайтын нәрсемен шұғылдану үшін көбірек уақыт керек пе? Олай болса, ол мүмкін емес деп айтпаңыз. Күніне сол іске он минут арнауды үйреніңіз. Ынтаңыз бар екенін өзіңізге сездіріңіз.
9. Адамның бәрімен шынайы болыңыз.
Өзіңізбен өзіңіз болыңыз. Ешкім жасандылықты жақсы көрмейді. Шын болмысыңызды көрсетіңіз. Әділетті болыңыз. Мейірімді болыңыз. Өз қателігіңізді мойындай біліңіз.
10. Екіжүзділіктен арылыңыз.
Айналаңыздағылар жасай алатын нәрсені сіз де жасай алатыныңызды көрсетіңіз. Егер өміріңізге жақсылық тартқыңыз келсе, өзіңіз де жақсы болуға тырысуыңыз керек.
11. Сіздің қиялыңыз қуаты зор күш екенін түсініңіз.
Арманыңыз орындалды деп қиялдаңыз. Тартылыс күші әр нәрсеге де әсер етеді. Сіз жүзеге асырсам деген ойдың бәрі түптің түбінде орындалады. Егер үнемі арманыңызды ойласаңыз, оның тезірек орындалуына серпін бересіз.
12. Сізді қызықтыратын нәрсемен шұғылданыңыз.
Қызықтыратын дүниеге ден қойыңыз. Шынымен қызықтыратын болса, ол нәрсе туралы көп білуге тырысыңыз.
Аударған Шынар Әбілдә