Алматыда арыстанның күшігі 3,5 миллион теңгеге сатылымға шығарылды (видео)

Oinet.kz 06-12-2021 652

Алматыда белгісіз біреулер арыстанның күшігін 3,5 миллион теңгеге сатылымға шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

Нұр-Сұлтан тұрғыны әлеуметтік желіде жануардың сатылып жатқаны туралы жазды. Оның айтуынша, көршілердің WhatsApp чатындағылардың бірі арыстанның күшігі сатылатындығы туралы хабарландыру жіберген. Жазба авторы сатушылардың мұндай әрекетіне ашуланып, жануарларды қорғаушыларды жағдайды түсіндіруге шақырды. Ол Қазақстанда арыстанның күшігін сату қаншалықты заңды екенін білгісі келеді.

image.png

Tengrinews.kz редакциясы хабарландыруда көрсетілген нөмірлерге хабарласты. Қоңырауға жауап берген азамат өзін арыстан күшігін сатушылардың жақын танысымын деп таныстырды. Жануардың екі айлық екенін, Алматыда екенін, сатуға барлық рұқсат құжаттары бар екенін айтты. Қожайындары күшікті нақты аламын деушілерге 2,5 миллион теңгеге беруге дайын.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 632 адам тіркелді
«Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу