Нәзік жіп

Oinet.kz 07-11-2019 1012

Нәзік жіп.jpg

Бірде өзім танитын дана адамнан былай деп сұрадым:

- Неге ет жақындарымыз қартайғанда күйгелек боп кетеді? Жанымызды ауыртқанды жақсы көреді. Олар жанды жерімізді жақсы біледі. Кейде жанды ауыртып алып, қалай қиналғанымыздан ләззат ала бақылайды...

Сол дана кісі маған былай деді:

- Адамның өмірінде екі рет өтпелі кезең болады. Сол сәттерде адам ет жақындарына тізесін батырып жібереді. Шамасы, айырылысуды жеңілдеткісі келгенде солай ететін болса керек. Жасөспірім кезде үлкен өмірге қадам жасап, өзін өзі тануды бастағанда. Олар ата-анасына мінез көрсетіп, жүйкесін тоздырады. Ата-анасы амал жоқтан баласын еркін өмірге қоя береді. Кейде баласының бөлек тұратындығына қуана келіседі. Нәзік жіптің бәрі үзіледі. Баласын еркіндікке жіберуге қорықпайды. Ата-анасынан іргесін бөлек салуына жан ауырмайды. Еркелік сонымен бітеді

Қартайғанда да солай болады. Табиғат өзі бізді мәңгілік қоштасуға солай дайындайтын болса керек. Ең жақын адамың өмірінің соңғы жылдары неғұрлым беймаза болған сайын онымен қоштасу жеңіл болады. Себебі, нәзік жіптің бәрі тірі күнінде үзіліп таусылады. Тек борыш қалады. Ал мейірім суалады.

Бірінші сәтте де, екінші сәтте де нәзік жіпті үзбей қалғандарға қиын тиеді.

Кейде мұндай мейірім өмірді күйретеді.

Автор: Юлия Ауг

Аударған @shinarabelda

Сенің таңдауың
Аштан өлген миллионер туралы хикая
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу