Сенің таңдауың

Oinet.kz 07-11-2019 790

таңдау.jpg

Бұл әлем екі тарапқа бөлінеді. Бірінші тарап, бұл беттегілер өте көп – тобыр тарапы. Бұл тараптағы адамдар өмірін күтумен өткізеді. Демалысты, жазды, жексенбіні, жаңа президентті, ақырзаманды күтеді. Теледидардан не істеу керек, қалай істеу керегін көрсеткенше күте береді. Сосын теледидар бұларға не істеу керегін айтады. Сосын соны істейді. Жаны қиналғанын сәтсіз демалыстан, салқын жаздан, өзінің президентінен, орнамаған ақырзаманнан көреді. Содан келесі айналымға шыққанша солай жалғаса береді.

Екінші тарап – өз өмірі үшін жауапкершілік алатын адамдар. Олар құлап, сүрініп, қателесіп өмір сүреді. Тобырдың табасына қап жатады. Бір қарасаң, сол тобыр төбесіне көтеріп жатады. Олар бұл дүниені зерттейді, сол дүниедегі өзін зерттейді. Түбі жоқ құпияларға сүңгиді, жүрегін тыңдайды. Өткені үшін ешқашан өкінбейді. Бүгінмен өмір сүреді. Келешегін де қабылдайды. Өмірдің әр сәтін рухын жігерлендіруге жұмсайды. Еңсесін түсірмей өмір сүруге барын салады.

Бұл екі тараптың ешбірі бір-бірінен артық я кем емес. Біз оларды сынайын яки бағалайын деп отырған жоқпыз. Қолдан келері таңдау жасау.

Жүрекпен таңдаған тараптың жолына түсіп, қалаған өмірді сүру. Күн сайын.

Бастағанның бәрін аяқтау, бұл өмірден қалағаннан да артық алу, жаңаны бастау, өзіңнің бақытты екеніңді түсіну. Сәт сайын.

Сенің әнің не туралы болмақ? Сенің сәтсіздігіңе мына фәни дүние ғана кінәлі демексің бе? Әлде бүкіл өмірің сынақ пен сабақтан тұрды, соның бәрін маңдайың ашық түрде қабылдап, жауапкершілікпен бастан өткеріп, жүрек қалауымен өмір сүрдім деймісің?

Бұрын кім болғаның маңызды емес, қазір не шешкенің маңызды.

Павел Никифоров

Аударған Шынар Әбілда

Әйел неге кетіп тынады?
Нәзік жіп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу