Сенатор Мәжілістің жаңа құрамына көңілі не үшін толмайтынын меңзеді

Oinet.kz 20-01-2021 2172

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Мәжіліске келген жаңа депутаттар туралы пікір бідірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мұрат Бақтиярұлы.jpg

Сенатор Мәжіліске өз саласының барлық сатысынан өткен азаматтарды көргісі келгенін айтты. Дегенмен Мәжілісте мұндай азаматтарды көрмегесін жаңа құрамға аздап көңілі толмайтынын меңзеді.

- Мен осы Мәжіліске көбірек заңгер, экономистер келеді деп ойлағам. Заңгер дегендер кімдер? Заңгер дегендер көп жыл сотта, прокуратура, әділет салаларында істеген азаматтар. Олар заңды жақсы біледі. Олар ауданнан бастап Орталыққа дейін заңның бүге-шігесіне дейін білетін азаматтар. Сондай азаматтар көп келеді деп ойлап едім. Дегенмен праймериз бойынша әр облыстардан халықтың алдында жүрген блогерлер өтті. Оған ешқандай дауым жоқ. 

Парламентке сөйлей алатын шешендер керек, халықтың алдында мыңқ-мыңқ етіп тұрмас үшін. Сөзінің салмағы жоқ популистер керек емес. Мәжіліске популистер де өтті. Оны кейін біле жатарсыздар, - деді сенатор.   

Мамин Денсаулық сақтау министріне 1 апта уақыт берді
Жаңа депутат түкке жетпейтін жалақы туралы сұрақты Маминге төтесінен қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу