Мамин Денсаулық сақтау министріне 1 апта уақыт берді
Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн отырыс өткізді. Отырыс барысында ол Денсаулық сақтау министріне ахуалды тұрақтандыру үшін нақты тапсырмалар берді деп хабарлайды Oinet.kz.
- Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге медицина ұйымдарын 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациялауға дайын болуын қамтамасыз етсін. Егу пунктерінде вакцинаны сақтауға арналған қажетті жабдық болуы тиіс. Сонымен бірге мидицина қызметкерлерін оқыту қажет. Бір апта ішінде егу пункттерінің дайындығын және вакцинамен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырамын, - деді Мамин Үкімет отырысында.