Түркістан: Облыс жастары адал жолды таңдайды

Oinet.kz 09-10-2019 1035

Screenshot_11.jpg

«Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасы келешегі кемел Келес ауданынан саялы Сарыағаш ауданына  жолданды.

Эстафетаны табыстау рәсіміне жалпы 200 - ге жуық жастар қатыстырылып патриоттық әндер шырқалды. 

Іс - шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудандаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев өткізіліп жатқан марафонның маңыздылығын атап өтті.

Эстафета аясында кітап пен туды табыстаушы аудан Келес ауданының әкімі А.Есбаев қорытындыласа, ал қабылдап алушы аудан Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетініне сенім білдірді.

Screenshot_12.jpg

Жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет жастарының белсенді қатысуымен өткізілуде. 

Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Шардара, Мақтарал, Жетісай және Келес аудандарында өтті.

Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді.

«Жаса, жайна алашымның Арысы» концерті өтті
Елордада ұлттық спорт университеті ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу