Алматыдан жалған ақша шығаратын цех табылды

Oinet.kz 07-10-2019 1281

Картинки по запросу жалған ақша

Алматыда ҚР Ұлттық банкінің банкноталарын жасайтын астыртын цех табылды, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Экономикалық тергеу департаменті мәліметіне сәйкес, қылмыстық топ 500, 5000 номиналдағы ақшаны қолдан жасаумен айналысқан. Топ құрамында 3 адам жұмыс істеген. 

«ҚР Ұлттық банкінің банкноталарын жасайтын астыртын цех жұмыс істеген. Купюраларды 3 адам бірігіп қолдан жасаған. Цех ішінен ноутбуктер, түрлі түсті принтер, еріктіш, ультракүлгін сәуле шығаратын шам, ламинатор, клише, бояу құйылған құтылар, ішінде сурет сақталған флэш-тасымалдаушы құралдар, құны 308 000 теңге болатын жалған ақша табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

 Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сот қарауына берілді.

Елордада 43 жастағы ер адам әйелін өртеп жіберді
Перзентін қоқысқа тастаған көкек ана ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу