Елордада 43 жастағы ер адам әйелін өртеп жіберді

Oinet.kz 07-10-2019 1078

Картинки по запросу адамды өртеп жіберді

Нұр-Сұлтанда егде жастағы ерлі-зайыптылар отбасындағы ұрыс орын алып, ер адам әйелін адам жүрмейтін жерге апарып өртеп жіберген, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

6 қазан күні сағат 11:40 шамасында автобус аялдамасында денесін күйік шалған әйелдің отырғаны туралы хабарлама полиция бөлімшесіне түскен. Зардап шегуші бірден ауруханаға жатқызылған.

"Аталған факті бойынша күдікті ұсталды. Ол әйелдің 43 жастағы күйеуі болып шықты. Отбасылық ұрыс кезінде күйеуі әйелін адам жүрмейтін жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Геннадий Головкиннің атындағы тұңғыш Даңқ жұлдызы орнатылды
Алматыдан жалған ақша шығаратын цех табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу