Геннадий Головкиннің атындағы тұңғыш Даңқ жұлдызы орнатылды

Oinet.kz 07-10-2019 925

Картинки по запросу геннадий даңқ жұлдызы

Украиналық Сергей Деревянченконы жеңген Геннадий Головкинге туған жері Қарағандыдағы триатлон-паркте Даңқ жұлдызы орнатылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Даңқ жұлдызының орнатылуына Олимпиаданың қола жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов пен құрылыс компаниясының бастығы Айдос Мұқатаев қатысқан. Траитлон-паркті салып жатқан құрылыс компаниясының басшылығы «Даңқ жұлдызын орнату – Геннадий Головкинге деген құрмет» екенін атап өтті. 

«Біздің отандасымыз әрі жерлесіміз GGG Қазақстанның туын тағы да биікте желбіретіп, IBF және IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белдігін өзіне қайтарып алды. Дәл осы күні біздің құрылыс компанияның басшысы Айдос Мұқатаев пен Олимпиаданың қола жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов Геннадий Головкиннің атындағы тұңғыш Даңқ жұлдызын қалады. Біздің өңірімізден ел атын асқақтатар чемпиондар тағы шығарына сенімдіміз», - делінген хабарламада.

Көпбалалы отбасылардың барлығы атаулы әлеуметтік көмек алатын болды
Елордада 43 жастағы ер адам әйелін өртеп жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу