Көпбалалы отбасылардың барлығы атаулы әлеуметтік көмек алатын болды
1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан жәрдемақы төленетін болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
«4 немесе одан да көп кәмелет жасқа толмаған баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ баспасөз мәслихатында.