Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Батыс Қазақстан облысында 9 сынып оқушысы әлеуметтік желіде «Сирияға кеткім келеді» деп жазба қалдырған, артынша оған бірнеше адам хабарласып үгіт-насихат жүргізген, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқушыны райынан қайтаруға күш салған теолог, дінтанушы, Нұр Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Серік Еншібай осы оқиғаны айтып берді.
«Мен «Шапағат» үкіметтік емес ұйымында еңбек етіп жүргенімде мешіт имамы шақырды. Барсам, Сирияға кетпек болған 9 сынып оқушысымен кездесуге шақырған екен. Әңгімеден байқағанымдай, бала өзі «Сирияға кеткім келеді» деп әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Артынша оған бірнеше адам байланысқа шыққан. Телефон нөмірін сұрап, шетелдік төлқұжат жасау, жолға жұмсалатын қаражат, кімдерден қарыз сұрау керек, не деп айту керек деген сияқты кеңес берген. «Қайда кететініңді ашық айтпа, Мысырға оқуға кетемін де» деп үйреткен. Оқушы енді кетемін деп жүргенде мешітте имамдардың уағызын естіген. Әлі ой-санасы қалыптаспаған жасөспірім бала имамның «Сирияға бармаңыздар, ол жақта мұсылманшылықтың иісі де жоқ, ол жақта ислам дінін саясат құралы ретінде пайдаланады» деген уағызынан ойланып барып, имамға жолыққан», - деді Серік Еншібай.
Жасөспіріммен теолог, психолог мамандар бірнеше рет кездескен.
«Балада діни түсінік жоқ. Санасы уланбаған. Салафизм, уахабизм сияқты ағымдардан хабары жоқ. Ата-анасы ажырасқан болып шықты. Анасы басқа біреуге күйеуге тиген. Бәлкім жалғыздықтан ба, бәлкім бір өміріне өзгеріс енгізгісі келді ме, әйтеуір Сирияға кетем деп бел буған. «Мен шаршадым. Отбасында жылу жоқ» деген жауап алдық», - деді теолог.
Күйзеліске түсіп жанына желеу болатын жан таба алмай жүргенде бал әлеуметтік желіден, интернеттен Сириядағы бақытты ғұмыр туралы роликтер көрген.