Серік Сәпиев: «Өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсірілгенін кім жаман көрсін»
Серік Сәпиевке 2013 жылы Лондондағы ойындарда жеңіске жеткеннен кейін өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсіруді ұсынғанын екен. Идеяны іске асыру процесі түсірілімге ақша іздеуге байланысты кейінге қалдырылған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсірілгенін кім жаман көрсін. Фильмге синопсис жазу барысында мен өз өмірімдегі фактілерді айттым. Режиссерлер мен сценаристер көрермендерге қызықты болатын нақты сұрақтар қойды", - деді Серік Сәпиев.
Спорт комитетінің басшысы актерлік тәжірибесі мен білімінің жоқтығына байланысты фильмнің басты кейіпкерін ойнауға батылы жетпегенін айтады, дегенмен кадрда эпизодтық рөлден көрінуге қарсы емес.
Олимпиада чемпионы фильмнің басты мақсаты спортта жетістікке жетуді армандайтын жастарды ынталандыру екенін айтады. Дегенмен фильм рингтегі қан мен тер жайында ғана емес. Көрермендер кейіпкер бастан кешірген драма мен махаббатты да көреді.
Режиссер Ақан Сатаев фильмнің басты кейіпкерін сомдайтын актерді әлі таппағанын мәлімдеді, сценарий жазу жұмысы жалғасуда. Болжам бойынша, түсірілім келесі жылдың басында басталады.
Сондай-ақ режиссер басқа танымал қазақстандық боксшылар, соның ішінде Геннадий Головкин мен Бекзат Саттарханов туралы да (2000 жылғы олимпиада чемпионы, сол жылы желтоқсанда жол апатынан көз жұмды – Sputnik) фильм түсіргісі келетінін айтты.