Мемлекет басшысы Украина президенті Зеленскиймен кездесті

Oinet.kz 25-09-2019 922

Screenshot_19.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.

Айта кетейік, АҚШ-та сапармен жүрген мемлекет басшысы Украина президентінен бөлек, Иордания Королі ІІ Абдалла, Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Польша президенті Анджей Дуда, Болгария президенті Румен Радев, Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурермен кездесті.

Жетісай ауданының тұрғындары адал қоғам қалыптастыруға ниетті
Әлем чемпионатында Илья Ильин 13-ші орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу