Әлем чемпионатында Илья Ильин 13-ші орын алды

Oinet.kz 25-09-2019 1977

Картинки по запросу илья ильин зулфия

2019 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Паттайяда өтіп жатыр. Чемпионатта қазақстандық Илья Ильин 96 келіге дейінгі салмақта 13-ші орын алды, ал әйелдер арасында Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін) төртінші орын алып қалды деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Илья Ильин қос жаттығу қорытындысы бойынша 363 (168+195) келіні көтерді. Жұлқа көтеруде ол 171 келіге барған үшінші әрекетін сәтсіз аяқтап, сегізінші болып қалды. Серпе көтеруде Ильиннің алғашқы әрекеті ғана сәтті аяқтады, қалған екеуінде 200 келіні көтере алмай, 20-сыншы нәтиже көрсетті.

Әлем чемпионы атағын қытайлық Тянь Тао жеңіп алды – 410 (180+230) келі, күмісті Катар өкілі Фарес Ибрахим алды – 402 (178+224), қола жүлдегер Грузия өкілі Антон Плесной болды – 394 (181+213).

Қазақстанның 2019 жылғы әлем чемпионатындағы жалғыз медалін әзірге 55 келіге дейінгі салмақта күміс алған Игорь Сон әперді. Арли Чонтей (55-ке дейін), Нижат Рахимов, Айдар Казов (81-ге дейін) және Денис Уланов (89-ға дейін) турнирді жүлдесіз аяқтады. 26 қыркүйек Қазақстанның соңғы өкілі Ибрагим Берсанов 109 келіге дейінгі салмақта жарысқа шығады.

Мемлекет басшысы Украина президенті Зеленскиймен кездесті
Геннадий Головкин үздік емес деп танылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу