Елімізде тікұшақтың көмегімен 16 тонна есірткі табылды
Елімізді «Көкнәр» операциясы барысында тікұшақ көмегімен әуеден 23 есірткі алқабын табылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі. Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлер қатарларын өзге өңірлерден келген әріптестермен және құралдармен күшейтілуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды», делінген хабарламада.
Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды.