23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Oinet.kz 23-09-2019 1107

Screenshot_3.jpg

23 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, аяз болуы мүмкін- деп хабарлайды Oіnet.kz порталы Казгидромет-ке сілтеме жасап

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 23-30 метрге дейін желдің екпіні  күшейеді. Қостанай облысында тұман, бұршақ болуы мүмкін.

Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жауын-шашын мен бұршақ жауады деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп,  дауыл болуы мүмкін. 

Алматы облысында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градусқа дейін аяз болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аймағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Елімізде тікұшақтың көмегімен 16 тонна есірткі табылды
Данияр Елеусінов жақсы жаңалығын хабарлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу