Шымкентте «парасаттылық мектебі» өз жұмысын жалғастыруда
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы базасында Парасаттылық мектебі жанындағы Лекторлық пул парасаттылық қағидатын қалыптастыру бойынша арнайы оқудан өтті.
"Шымкент – адалдық алаңы" лекторлық пулы мемлекет пен қоғамның түрлі салаларының өкілдерінен құрылған, оның басты міндеті халық арасында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оқудың ресми ашылуына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жолдыбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры А.Есенгельдина, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев қатысты.
Шарада сөз сөйлеген Ерлан Жолдыбаев Лекторлық пул құрып, оларды оқыту қоғамда парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамалардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Тренингті Департамент және Академия филиалының, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері жүргізіп, оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобалар туралы әңгімелеп, олардың іске асырудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг қорытындысымен Лекторлық пулдық құрамына енетін 50 белсенді азамат алған білімдерімен қаланың барлық мақсатты топтары арасында бөлісіп, адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарына үйретенін болады.