Жігітіне 6 несие әперген бойжеткен қарызға белшеден батты
Арманындағы жігітті кездестірдім деп бақыттан басы айналып жүрген бойжеткен алаяққа тап болып, сан соғып қалды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі astana_forum парақшасына сілтеме жасап.
"Осыдан біраз уақыт бұрын бір жігітпен танысып, ғашық болып қалдым. О баста бәрі жақсы болды. Ол менің арманымдағы жігіт еді. Жүріп жүрген кезде ғашығым оған несие алып беруге көндірді. Оның сөзін жерге тастамайын деп бірнеше миллионға несие алдым. Ол одан кейін маған айтпай тағы микронесие рәсімдеген. Осылайша, сүйіктім алаяқ болып шықты", - дейді бойжеткен.
Арудың сөзінше, ер адам ізін суытып, үшті күйлі жоғалмаған. Дегенмен қыздың басындағы 6 несиені жабуға асықпай отыр екен. Тығырыққа тірелген бойжеткен енді қалай әрекет етерін білмей дал болыпты.
"Маған қолхат жазып берді, қашып та кеткен жоқ. "Өзім жабамын" дейді. Бірақ жуырда оның бұған дейін сотты болғанын, қарыздарының шаш-етектен екенін білдім. Туыс-туғандары да одан бас тартыпты.
Қарызға белшеден батқан бойжеткен сүйіктісінің үстінен арыз жаза алмай жүр. Себебі, бұрыңғы жігітін түрмеге тоғытса, ай сайын ескерту жасап отыратын несиесін қалай жабамын деп уайымға салынып отыр.