Тәуелсіздік күні қарсаңында Өзбекстанда 2000-ға жуық жалау жоғалып кетті
Ташкентте ел тәуелсіздігі күніне орай көшелерге қойылған мелекеттік туларды ұрлап кеткен.
Осы жылы Тәуелсіздік күнін тойлау төрт күнге созылды. Мереке күндері интернет желісінде көше бағаналары мен автострадаларға қойылған жалауларды жаппай алып жатқан суреттер мен видеолар легі көп болды.
"Шынында да, қыркүйектің 1 -нен 2-не қараған түнгі санақта қала көшелерінде орнатылған Өзбекстанның екі мыңнан астам Туы жоқ екені белгілі болды", - деді әкімдік өкілі.
Әкімшілік мәліметтеріне сәйкес, мерекеге орай Ташкент көшелерінде 6 852 Өзбекстанның Мемлекеттік Туы орнатылған және оның 2 037-і қолды болған.. Әрбір тудың бағасы 70 мың сумды құрады.
Әкімдік өкілі: "Біз азаматтарымызды астанамызды көркейтетін мемлекеттік мүлікке саналы және ұқыпты қарауға шақырамыз", - деп өз сөзін толықтырды.