Қазақстанда туу көрсеткіші азайған
Қазақстанда соңғы 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәрестелер бір жылда 9,5%-ға азайып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тішісі Ranking.kz порталы хабарлады.
Былтыр елімізде 403,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз. Ол кезде көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған. Сонымен бірге, 2020 және 2021 жылдардағы пандемияда туу көрсеткішінің жоғарылағанын атап өткен жөн. Осы нәресте бумының фонында 2022 жылғы көрсеткіштер азайған сияқты көрінгенімен, шын мәнінде көрсеткіш 2019 жылғы ковидке дейінгі деңгейіне оралды.
Түркістан облысы жаңа туған нәрестелер саны бойынша көшбасшы болып қалып отыр, онда былтыр 58,2 мың нәресте дүниеге келген (2021 жылдан 10,5% аз). Екінші орында 36,1 мың сәби (4,8% азайған) көрсеткішпен Алматы қаласы, үшінші орындағы Алматы облысында 34,9 мың кішкентай қазақстандық дүниеге келді.
Биылға келетін болсақ, бірінші тоқсанда көрсеткіш 2022 жылдың қаңтар–наурыз айларымен бірдей болды. Елімізде былтыр бірінші тоқсанда 93,6 мың сәби дүниеге келген болса, биыл үш айда 93,5 мың сәби дүниеге келді.
Туудың жалпы коэффициенті 2021 жылы 23,5 болса, 2022 жылы 20,6 құрады. Жаңа туған нәрестелер санының жалпы халық санына қатынасын сипаттайтын бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 15 жыл бұрынғы көрсеткішке қайта оралды.