Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

Oinet.kz 05-09-2019 819

Картинки по запросу димаш кудайберген

Ерекше даусымен дүние жүзіне танымал болған Димаш Құдайберген биыл 10 желтоқсанда Нью-Йоркте Barclays Center стадионында жеке концертін өткізбек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісінде оқырмандарынан сүйінші сұрай жазды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі

Barclays Center – Нью-Йорктің Бруклин ауданында орналасқан спорт аренасы. Концерт залына 19 мың адам сыяды. Мұнда 26 қазанда композитор Игорь Крутой 65 жас мерейтойына орай кеш өткізбекші. Димаш Құдайберген осы кештің құрметті қонағы болмақ.

image.png

Сондай-ақ ол билеттердің сатыла бастағаны туралы жуырда хабарлайтынын жеткізіп, әлеуметтік желідегі парақшасын қарап жүруге кеңес берді.

Димаш Нью-Йоркте Arnau концертін қояды. Жеке ән кеші 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 19.00-де өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы бес кезі).

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Димаштың АҚШ-тағы концертінің билеті "өте қымбат болады".

Тәуелсіздік күні қарсаңында Өзбекстанда 2000-ға жуық жалау жоғалып кетті
Колледж студентіне шабуыл жасаған 42 жасар еркек ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу