Туыстарымен некелескен бүтін ауылды қарғыс атып, қазіргі таңда тұрғындар тері ауруынан зардап шегуде

Oinet.kz 27-01-2023 1443

Бүтін бір ауыл халқы күнге шықса жүздері жара басып еш айықпайтын дертке шалдыға береді. Олар күннің көзіне бір секунд қалса болды, денесіне сәуле түскен жер алдымен қара дақ болады. Артынша бөртпе басып, ішіне су толып соңы қатерлі ісікке ұласып адамдар өмірмен қоштасады.

Screenshot_27.jpg

Бразиляның  Арарас деп аталатын ауданында  тұратын халықтың 70%-ы күн сәулесінен қорқады. Өйткені  ол жердегі халықтың көпшілігі күн түскеннен пайда болған жараның кесірінен қайтыс болған. Балаларды ата-анасы кішкентай кезінен күн сәулесінен қорғайды. Дәрігерлер осы күнге дейін бұл дерттің неден екенін таппаған.

Халықтың өзі мұны қарғыс деп түсінген. Себебі, осы ауданның пайда болу  тарихының өзі ерекше. Ми далаға аздаған адам көшіп келіп, сол жердің тұрғылықты халқына айналады. Араласатын жақын жерде өзге адамдар болмағандықтан олар өзара үйленіп, көбейе бастайды. Халық осы жағдайдан кейін қарғысқа тап болдық деп топшылайды. Бұл тек топшылау емес, тұрғындар туыстар арасында туған балалардың дені осы ауруға шалдыққанын өздері анықтаған. Ал қазіргі жаманауи медицина өкілдері бұл дертті емдей алмай отыр. Неден пайда болғанына да нақты түйін жасап қорытынды шығара алмаған.

Screenshot_26.jpg

Арарас халқында осы қарғысты жеңілдету үшін, дерттің салдары мен зардабын азайту үшін әр тамақтанар алдында Жаратқанға жалбарыну, кешірім сұрау әдет, тәртіп болып қалыптасқан.

Тұрғындар мұнда таңғы бестен кешкі жетіге дейін далаға шықпайды. Күн батқанда олардың тіршілігі басталады. Жарықта жүздерін орап, қолдарын жауып, бүркеніп жүреді. Күннен қорғайтын жақпа майлар пайдаланады.

Screenshot_28.jpg

Тіпті әлем дәрігерлеі де бұл дерттің шығу себебін, толық емдеу жолын таппай отыр екен. Тек дертті көбейтпеудің жолы бар екен. Ол күн сәулесінен терісі өзгеріске ұшыраған адамдар ұрпақ көбейтпеуі керек делінген.

Тері  ауруына шалдыққандар жеке өмірін жасай алмайтындарын, жұмысқа орналасып көпшілік ортаға жеңіл сіңісу қиын кенін айтады. Тіпті бала болып мектептерде, орталықтарда еркін жүре алмағандарын айтып жылағандар да бар. Қоғамның бөлуіне, айналадағы адамдардың үрейлі көзқарасынан қысылғандар шыдамай суицидке барғысы келетінін жасырмайды.

KYN.kz

Насыбайға әуестенуші жас қыздар көбейіп барады
Қазақстанда қорқынышты ойыншықтарды сатуға тыйым салынуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу