Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаеваның жаңа суреттері қазақстандықтарды тәнті етті

Oinet.kz 30-03-2026

Желіде Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясынан кадрлар жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. 

Screenshot_5.jpgСуреттерді отандық және шетелдік брендтермен жұмыс істейтін танымал фотограф Мирас Баянов түсірген.

“Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды еді. Әсіресе, оның жалғасы боп жүрген жандардың жанында жүру ерекше мәнге ие. Ғажайып Әсел Исабаева менің көзқарасыммен”, – деп жазған фотограф.

Желі қолданушылары Әсел Исабаеваның образына тамсанып, түрлі пікір қалдырған.

Әсел Исабаева – “Astana Ballet” театрының арт-менеджері. Театрдың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі тұжырымдамасының авторы. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған фотолар да театр сахнасында түсірілгенін байқауға болады.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Әсел Исабаева театрдағы қызметімен қатар, Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорын да басқарады.

Түркістанда екі ер адам айыппұлдарға қарсылық білдіріп, көшедегі камераларды қиратып кеткен
Елімізде биыл ақылы жолдардан 100 миллиард теңге көлемінде қаржы жиналмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу