Түркістанда екі ер адам айыппұлдарға қарсылық білдіріп, көшедегі камераларды қиратып кеткен

Oinet.kz 29-03-2026

Түркістан қаласында екі ер адам айыппұлға қарсылық ретінде бейнебақылау камераларын қасақана сындырып кеткен. Оларды полиция қызметкерлері қолға түсірді. 

Screenshot_2.jpg

Оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Белгісіз адамдар төрт камераны сындырып, 700 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Тергеу мәліметінше, түнгі сағат шамамен 01:00-де бетперде киген екі жас жігіт ұзын таяқтың көмегімен құрылғыларды істен шығарған. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы камералардың жазбаларын зерттеп, күдіктілердің қозғалыс бағытын анықтаған. Кейін жедел-іздестіру шаралары барысында олар ұсталды.

Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

“Күдіктілер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға наразы болғандықтан осындай қадамға барғандарын мойындады”, – делінген хабарламада. 

Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және заң талаптарын сақтауға шақырды.

Шымкентте жеке дәріхананың екпе кабинетінде төрт адам қайтыс болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу