"Әскерде зорлық көрдім": Threads-тегі жантүршігерлік жазбаның авторы ұсталды

Oinet.kz 28-03-2026

Астанада алаяқтық және жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 23 жастағы тұрғын ұсталды.

Screenshot_1.jpg

23 ақпанда Threads желісінде белгісіз парақша арқылы желі қолданушысы әскерде жүргенде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазір қудалаудан қорқатынын мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, бірақ болған оқиғаны әлі де ұмыта алмай жүргенін жазған.

Жазба авторының сөзінше, командирі оны қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген. Жазбада желі қолданушыларының назарын аударатындай мәлімет келтірілген. Осылайша ол өзіне қаржылай көмек сұраған, қауіп барын алға тартып, шетелге кетуі қажет екенін жеткізген. Жазбада банк реквизиттері де көрсетілген. Автор жиналған қаражатты шетелге шығу үшін жұмсайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, ол осы жағдайдан кейін депрессияға түскенін және қызымен бұрынғыдай қарым-қатынасын жалғастыра алмайтынын жазған.

Алайда кейін жазба авторының жалған әрекеті әшкереленген. Есепшот иесі 17 жастағы жасөспірім екені анықталған. Оның айтуынша, хостелде танысқан бұрынғы танысы оған қарызын аудару үшін реквизиттерін сұраған. Сондай-ақ, өзінің есепшоты бұғатталғанын айтып, басқа аударымдарды қабылдауын өтінген. Заңсыз әрекетке сенген жасөспірім жеке дерегін беруге келіскен. Екі күннің ішінде оның есепшотына 100-ден аса аударым түскен.

"Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында жазба авторы ұсталды. Жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар, оның әскери қызметке еш қатысы жоқ екені және әскерде ешқашан болмағаны анықталды. 23 жастағы күдіктінің айтуынша, жалған ақпаратты ақша жинау мақсатында жариялаған. Көрінеу жалған ақпарат тарату және алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.

Министр Алматы қаласының полиция департаментінің басшыларын қызметінен босатты
Шавкат Рахмоновтың әйелі өз шындығын айтып, жазба жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу