Министр Алматы қаласының полиция департаментінің басшыларын қызметінен босатты

Oinet.kz 26-03-2026

Алматыдағы жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды. 

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады. Министр жол апатында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Аталмыш дерек қылмыстық іс қозғалған. Күдікті жүргізуші сот санкциясымен қамауға алынған.

“Менің тапсырмам бойынша Алматыға ішкі қауіпсіздік департаментінің, әкімшілік полиция комитетінің және қызметтік құраммен жұмыс департаментінің қызметкерлері жіберілді. Жан-жақты тексеру жүргізілуде”, – деді министр.

Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды.

“Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ”, – деп жазды Ержан Саденов. 

Қарағандыда базар маңында ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу