Әйелін 10 жылдан аса азаптап келген дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін

Oinet.kz 05-03-2025 230

Әйелі Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Жетінші арнаға сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуынша, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрген екі баланың анасының ісі сотқа жіберілді.

“Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Азаптау) бабы бойынша сот алдында жауап береді”, – дейді адвокат. 

Айта кетейік, бұл бап бойынша күдікті енді 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен өзін ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.

Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді.

«Зорлық-зомбылық эпидемиясы»: Қыздарға арналған әжетхананы видеоға түсірген жігіт оқудан шығарылмақ
Анасын соққыға жыққан 30 жасар ер адам 10-ақ күнге қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу