«Зорлық-зомбылық эпидемиясы»: Қыздарға арналған әжетхананы видеоға түсірген жігіт оқудан шығарылмақ

Oinet.kz 04-03-2025 188

Астанадағы Назарбаев университетінде қыздарға арналған әжетхананы түсірген студент туралы ақпаратты желіге бөліскен студент оқудан шығарылмақ, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Темірлан есімді студенттің айтуынша, әжетхананы видеоға түсірген жігітке тек  айыппұл салынған. Ол бұл ақпаратты не себепті жариялағанын түсіндірді.

"Қыздар әжетханасын видеоға түсірген студент туралы ақпаратты мен бөліскен едім. Оны маған бір студент айтқан болатын. Бірақ бұған дейін бұл оқиға 4 мың адамы бар студенттер чаттарында талқыланған еді. Бірақ соның ішінде менің пікірім тарап кетті. 

Қазақстанда әйелдер құқығы қорғалуы керек деп ойлаймын. Сол себептен де тараттым. Себебі елімізде зорлық-зомбылық эпидемиясы тарап жатыр.Бұл қоғамда зорлық-зомбылықтың қалыпты жағдайға айналғанын көрсетеді. Осындай әрекетке барған студентке жай ғана айыппұл салынды. Полиция оған университетке кіруге тыйым салды. Бірақ ол оқудан шығарылған жоқ. Енді маған қатысты тәртіптік тыңдалым өтпек. Сол ақпаратты айтқаным үшін мен оқудан шығарылуым мүмкін немесе басқа да санкцияға ілінейін деп тұрмын", – дейді студент. 

Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты өз пікірлерін жазуда.

"Егер оқудан шығарса, дереу сотқа шағымдану керек. Талап арызға оқуға қайта шақыруды және моральдық өтемақы талап еткен жөн", "Осы мәселені қоғамдық талқыға салғаның үшін рақмет! Назарбаев университеті осындай студенттерімен мақтануы керек" деп жазды олар.

Көкшетауда әйел өгей баласын жауыздықпен өлтіріп, көміп тастаған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу