«Рейтинг» қойған сауал: Жаңа терминалдан қашан ұшамыз?

Oinet.kz 27-02-2025 99

Кеше Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз брифингін өткізді.

 Screenshot_21.jpg

«Рейтинг» тілшісінің: «Жаңа жылдың алдында пайдалануға берілген Шымкент әуежайының терминалы қазір тек  Scat компаниясына қызмет көрсетуде. Басқа әуе компаниялары жаңа терминал арқылы қашан ұшады?»,– деген сауалына басқарма басшысы былай деп жауап берді:

– Өздеріңіз де білесіздер, әр әуе компанияның өзінің сертификатын беретін адамдары болады. Олар терминалдың өткізу қабілетін сертификаттап өздерінің әуе компаниясының басшылығына береді. Қазір AіrАстана сертификаттан өткізіп, жаңа терминалдан өздеріне тиісті кеңсені жалға алып қойды. Scat әуе компаниясының есебі бойынша жаңа терминалға қалған компаниялар наурыз айында көшеді. FlyArystan ескі терминалда қалады. Өйткені жаңа терминал болған соң, оның тарифтері де сәл өзгеше болады. FlyArystan лоукостер болғандықтан әзірге ескі терминалды пайдалана беретінін айтты. Бірақ болашақта барлық әуе компаниялары жаңа терминалға өтетін болады.

Қазір шетелдік компаниялар да өздерінің сертификаттауларын жүргізіп жатыр. Олар да жаңа терминалға көшеді. Жалпы біздің жоспарымызға сәйкес сәуір айынан бастап халықаралық маршруттарға да қызмет көрсетілетін болады. Ол жерге шекара қызметі мен кеденнің жабдықтарын орналастыру қажет. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетелік, Шымкент әуежайының жаңа терминалы жаңа жылдың алдында пайдалануға берілді. Терминал Scat әуе компаниясының инвестициялық қаржысы есебінен салынған.

«Бэтмен» шенеунік бола алмайды деп, кім айтты?
Олжас Бектенов: BI Group міндетін адал атқармайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу