Анасын соққыға жыққан 30 жасар ер адам 10-ақ күнге қамалды

Oinet.kz 05-03-2025 219

Талдықорғанда анасын аяусыз ұрып, соққыға жыққан ер адам он-ақ күнге қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Қалалық соттың үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды.

«Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды. Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚР ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған.

Әйелін 10 жылдан аса азаптап келген дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін
«Ерлі-зайыптыға жалға бердім»: Жалға алушы жезөкшелікпен айналысқаны үшін пәтер иесі зардап шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу