Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қол қойды

Oinet.kz 03-03-2025 49

66a3c0411a9dd8578f7357a2e05ad258_original.174429.jpg 

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта: тарихи-мәдени мұраны сақтау — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; археологиялық ескерткіштердің резерватын құру; мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру; қаланың бірыңғай келбетін — сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу; тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту; мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу; туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 


Олжас Бектенов: BI Group міндетін адал атқармайды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу