Үкімет: Қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюіне себеп - отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер

Oinet.kz 03-03-2025 350

Депутаттар қыздарға қатысты зорлық-зомбылық пен ашық қарым-қатынастың әлеуметтік желіде кеңінен таралуы кәмелет жасқа толмағандардың ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуіне себеп екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_7.jpg

Үкімет отырысында осыған байланысты Нұртөре Жүсіптің депутаттық сауалына жауап берілді.

Нұртөре Жүсіп премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында кәмелетке толмағандар арасында жүктіліктің көбеюі туралы мәселе көтерді. Ұлттық статистика бюросының деректерін келтірген сенатор соңғы бес жылда 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің туу көрсеткіші 1,5 есе өскенін айтты.

Премьер-министрдің айтуынша, кәмелетке толмағандардың ерте жыныстық қатынасқа түсуінің негізгі себептері:

  • Әлеуметтік желілерде ашық қарым-қатынасты ашық көрсетіп, ақпарат тарату;

  • Жасөспірімдердің жүктіліктің салдары туралы білімі жеткіліксіз;

  • Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер;

  • Қыздарға қатысты зорлық-зомбылық.

Депутаттық сауалға берілген жауапта  премьер-министр Ұлттық статистика бюросының деректерін жоққа шығарып, Денсаулық сақтау министрлігінің көрсеткішін алға тартты. Оған сәйкес, соңғы үш жылда жасөспірімдер арасында ерте туу көрсеткіші тіпті 25%-ға төмендеген. Мұнда 15-17 жас аралығындағы қазақстандықтар жайлы айтылған. (Депутаттың өтінішіндегідей 15-18 жас емес). Сондай-ақ мың жасөспірімге шаққандағы ерте босану жағдайларының саны келтірілген:

  • 2022 жылы – 3,84;

  • 2023 жылы – 3,14;

  • 2024 жылы – 2,88

Сонымен қатар премьер-министрдің жауабында Бас прокуратураның деректері келтірілген. Оған сәйкес, 2024 жылы сексуалдық сипаттағы 215 қылмыс (2023 жылы – 217 қылмыс) және кәмелетке толмағандарды зорлауға қатысты 99 қылмыс (2023 жылы – 106 оқиға) жасалған.

Әйел әжетханада босанып, баласын кәріз тесігіне құлатып алған
«Бір шенеунік ChatGPT-ге материалдарын салып отыр»: Депутат жасанды интеллектіден қорқатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу