Әйел әжетханада босанып, баласын кәріз тесігіне құлатып алған

Oinet.kz 03-03-2025 264

Желіде өзбекстандық әйелдің әжетханада босанып қалып, баласын түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Podrobno.uz-ге сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Әлеуметтік желілерде Самарқанд облысының Нұрабад ауданында жаңа туған нәресте медициналық мекеменің әжетханасының тесігіне құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Ресми органдар бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәретханада кенеттен әйелдің толғағы келген. Ол есін жоғалтып, нәрестені ұстай алмай қалған. Сөйтіп сәби кәрізге құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар қызметі келгенше, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері көмекке келді. Олар шұңқыр қазып, бір сағаттан кейін баланы алып шықты. Ол дереу дәрігерлерге тапсырылды. Куәгерлердің айтуынша, бала аман қалған.

Қазақстанда TikTok-қа шектеу қойыла ма?
Үкімет: Қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюіне себеп - отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу