«Бір шенеунік ChatGPT-ге материалдарын салып отыр»: Депутат жасанды интеллектіден қорқатынын айтты

Oinet.kz 03-03-2025 98

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев жасанды интеллектің ұлттық құндылықтарды ұмыттырып, деградация апаратынын, тіпті өзінің одан қорқатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Анас Баққожаев жасанды интеллектінің адамзатқа зиянын тигізіп жатқанын айтып, кемшіл тұстарын жіпке тізгендей атады.

“Өз басым жасанды интеллектке өте абай қараймын. Шын мәнінде, кейде қорқамын. Себебі мына интеллектуалдық деградацияға апарудың жолы бұл. Адам өзі ойланып жазбаса, композитор музыкасын шығармаса, бұл не заман болып бара жатыр? Сонда біз әлем жасанды интеллект жасады екен деп, соңынан ере береміз бе? Біздің қазақылығымыз қайда?", – дейді мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ Анас Баққожаевтың айтуынша, жасанды интеллекті жалқау шенеуніктер де пайдаға асырып жатыр.

“Біздің өзіміздің интеллектуалдық мүмкіндіктерді ашатын жолдар қайда? Өткен жолы бір шенеунік ChatGPT дегенге өзінің материалдарын салып отыр. Сондағы оның мақсаты бастығым тезірек басымнан сипаса екен, берген тапсырманы тезірек орындайын деген. Ол миындағы қатпарларын қозғалтқысы келмейді. Бұл "алма піс, аузыма түс" деген жалқау шенеуніктерге жақсы болды”, – деді сенатор.

Депутат chat GPT-ге салынған материалдарды кейін өзімізге қарсы пайдалану қаупінің барын да жоққа шығармады. Оның сөзінше, Қазақстанның қандай мәселелері барын білген басқа мемлекеттер алдағы уақытта бізді айналып өтіп, 10 қадам алыс жүреді.

Еске салайық, Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң жобасы таныстырылды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева атап өткендей, құжаттың бір ғана мақсаты бар – Қазақстан экономикасына технологияларды енгізу үшін ашық құқықтық база құру. Айта кетейік, заң жобасы әлі қабылданбады. Тек тиісті комитет отырысында ғана ұсынылды.

Үкімет: Қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюіне себеп - отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер
«Аяғымен басын таптаған»: Семейде тағы бір оқушыны қатарласы өлімше етіп сабап кеткен (ФОТО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу