«Ерлі-зайыптыға жалға бердім»: Жалға алушы жезөкшелікпен айналысқаны үшін пәтер иесі зардап шекті

Oinet.kz 05-03-2025 368

Шымкентте әйел пәтерін жалға беріп, қосымша табыс табамын деп соңында жарты миллион теңге айыппұлға іліккен. Өйткені үйді жалға алған адам пәтерде жезөкшелікпен айналысқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Время басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Шымкенттік Мария Валиева пәтерді ерлі-зайыптыға жалға берға берген. Қараша айында Қонаев даңғылы бойындағы элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары учаскелік полиция қызметкеріне телефон соғып, жалға беріліп жатқан пәтерде әдепсіз нәрсе болып жатқанын айтып шағымданған.

Полицейлер бұл пәтерде 29 жастағы Ботагөз тұратынын анықтап, пәтер иесін іздеген. Осылайша Мария Валиеваның үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы “Үй-жайды жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызмет көрсету үшін беру” бойынша іс қозғалып, оған 553 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ оған “жеңгетай” болды деп айып таққан. 

“Мен пәтерді ерлі-зайыптыға жалға бердім, ер адаммен келісімшарт жасастым, олар пәтер ақысын төледі. Олардың үйде не істеп жүргенін қайдан білуім керек еді?! Менің пәтерімде сондай нәрсе болды деген ой келмеді де! Полицияға түсінік хат жаздым, бірақ хаттамаға қол қоюдан бас тарттым. Олар маған сол жерде айыппұл жазды. Пәтерді ерлі-зайыптыға жалға бергенім туралы дәлел болғанымен, инспектор менің дәлелдерімді тыңдамады”, – деді әйел.

Мария Валиева істі даулауға тырысты. Алайда Тұран аудандық прокуратурасы да, ішкі істер бөлімі де әйелдің арызын қанағаттандырмады. Ол сотқа шағым түсірді.

“Әкімшілік құқықбұзушылықты қасақана  жасаған адам кінәлі деп танылады. Алайда инспектор Қасымов Ботагөз қызметті сол пәтерде жасағандықтан, пәтер иесі хабардар болды деп тұр. Оның үстіне ол 9 қарашада көшіп келді, ал учаскелік полиция қызметкері 21 қарашада келді. Көршілердің өтініштері көшіріп алғандай біп-бірдей етіп жазылыпты, тіпті жалға алушының жеке деректері мен жеке сәйкестендіру нөмірін де жазып қойған. Олар мұндай ақпаратты қайдан алған?! Бір сөзбен айтқанда, учаскелік полиция қызметкеріне қояр сұрағымыз көп”, – деді адвокат Евгений Яворский. 

Содан соң Шымкент қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мария Валиеваға қатысты іс әкімшілік құқықбұзушылық белгілерінің болмауына байланысты қысқартылды. Инспектор Қасымовқа шара қолдану туралы Шымкент қалалық ІІБ жеке қаулы шығарды.

Анасын соққыға жыққан 30 жасар ер адам 10-ақ күнге қамалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу