4500 теңге үшін жасөспірім 14 жастағы баланы өртеп жіберді (ФОТО)

Oinet.kz 03-03-2025 240

Қарағанды облысының Шашубай ауылында 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы Нұрсұлтан есімді баланың киімін өртеп жіберіп, ол ауыр күйік жарақатын алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_17.jpg

Оқиға барысында жасөспірім жәбірленушіге бензин иіскеуді ұсынып, кездейсоқ Нұрсұлтанның шалбарына бензин төгілген. Осыдан кейін ол Нұрсұлтаннан 4500 теңге талап еткен, бірақ Нұрсұлтанның мұндай ақшасы болмағандықтан, ашуланған жасөспірім оның киімін өртеп жіберген.

Нұрсұлтанның анасының айтуынша, кінәлі жасөспірім жедел-жәрдем шақырмай, тек басқа шалбар әкеліп, Нұрсұлтанға киюді бұйырған және болған оқиға туралы ешкімге айтпауын талап еткен.

Нұрсұлтан орташа дәрежедегі күйікпен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілген. Алайда, мектепте ол мазаққа ұшыраған.

Қарағанды облысының полиция департаменті 18 қыркүйекте қылмыстық іс қозғалғанын, күдіктінің анықталып, жауап алынғанын хабарлады.

Күдіктінің жасына байланысты міндетті кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалған.

Сараптама нәтижелері алынғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жіберіледі


Әжетханада бір-бірін зорлап ойнаған: Мектеп оқушыларының ерсі видеосы тарады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу