Алматыда 18 жастағы ақыл-ой кемістігі бар қызды зорлап, ішегін тілгілеп тастаған

Oinet.kz 08-08-2025 191

Алматыда 18 жастағы ауыр деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар қыздың ішегін жасырын тігіп, оны зорлау фактісін жасыруға тырысқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «Бірінші арна Еуразия» арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_8.jpg

Оқиға бір жыл бұрын әлеуметтік көмек орталығында болған. Алайда болған жағдай тек мекеменің бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылған соң белгілі болды. Олар әлеуметтік қорғау басқармасына шағым жолдап, болған жайтты баяндаған.

Жәбірленуші алған жарақаттың ауырлығы соншалық, оған хирургиялық ота жасауға тура келген – ішек төрт жерінен тігілген. Операцияны интернатта жұмыс істейтін медбике таныс хирургын шақырып жасатқан. Бұл арада жарақаттар мен ота жайлы ақпарат еш жерге тіркелмеген. Алдын ала деректер бойынша, интернат қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысқан: құқық қорғау органдарына хабар берілмеген, оқиға болған уақыттағы бейнебақылау жазбалары өшірілген.

Қазір тергеу аясында екі күдікті қарастырылуда – интернаттың басқа бір тәрбиеленушісі және ер адам-санитар. 

Сондай-ақ, тиісті рәсімсіз ота жасаған хирургтың іс-әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалды. Жағдайдың толық мән-жайы анықталуда.

Астанада алты ер адам онлайн ойын арқылы танысқан мүгедек баланы жабылып зорлаған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу