Ақтөбеде 92 жастағы әжей төрт баласынан алимент өндіріп алды

Oinet.kz 22-09-2024 1856

Ақтөбеде 92 жастағы әжей төрт баласынан алимент өндіріп алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_8.jpg

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Д.-ның 9 баласын өзінің асырауына алимент өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа 8 жауапкер-балаларынан алимент өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгініп, арызын негіздей, ол батыр ана және 92 жаста екенін айтып, жасына байланысты көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетінін мәлімдеді.

Талап қоюшы әжей Д. З. атты қызының қамқорлығында болған. Әжей өзінің талап-арызында кіші қызы З.-мен қазіргі уақытта бірге тұратынын және материалдық жағынан көмектесетінін түсіндіріп, осыған байланысты соттан тек 8 балаларынан алимент өндіріп алуды сұрады.

Істі қарау барысында жауапкерлер сотқа аналарына тең дәреже көмек беретіндері туралы шынайы және жеткілікті дәлелдемелер ұсынылмады.

Өз кезегінде қызы З. үшінші тұлға ретінде анасына қамқор көрсетіп жүргендігі туралы фактіні дәлелдеп, бұл дәлелдемелер азаматтық іс материалдарына бейнежазбасы бар қоса берілген дискімен расталды.

Істі қарау барысында талап қоюшы балалары оған келмейтіндігін, сондай-ақ оларды 5-6 жыл көрмегенін көрсетіп, бұл да талап-арыздың дұрыстығын растайды.

Жауапкерлердің, талап қоюшының кіші қызы З. оларды анасымен кездесу үшін үйге кіргізбейді дегенін сот ескермеді, себебі өз дәлелін тапқан жоқ. Сонымен бірге сот мұны міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды.

Сот талап қоюшының балаларынан алимент алуға құқығы бар екенін анықтап, алайда олардың төртеуі зейнеткерлік жасқа толуларына байланысты алимент өндіруге жатпайтынын ескерді. Кодекстің 145-бабы 3 және 4-тармақтарын ескере отырып, талап коюшының асырауына, істі қарау кезінде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке сай, алиментті 4 жауапкерден 7 еселенген мөлшерде өндірді. Сот жауапкерлердің асырауындағы мүгедек балалары мен кәмелетке толмаған балаларының болуын да назарға алды.

Сот шешімімен талап-арыз ішінара қанағаттандырылып, 4 жауапкерден анасының пайдасына оны асырауға әрқайсысынан 7 АЕК-тен алимент өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Kyzdar.net сайты неге жабылмады?
Журнальные столики от Euromebel.kz — стиль и функциональность в каждом элементе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу