«Ақтөбе түгел қанға боялады»: Желіде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде атыс шығаратынын мәлімдеді

Oinet.kz 25-01-2024 1124

Желіде Ақтөбе мектептерінде 26 қаңтарда атыс болады деген хабар таратқан арна пайда болды. Арнаға 7000-нан астам адам жазылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

Telegram-арнасында Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасауға дайындық басталып кеткені туралы ақпарат тарауда. Жазба авторы мылтық пен тапаншалардың суретін жариялаған. Сосын телеграмда "Конец Актобе" атауымен бірнеше каналдар ашылып жатыр.

“Шабуыл №27 мектеп-гимназиясы мен №21 лицейге бірінші жасалады. Бәріңіз өз күнәларыңыз үшін жауап бересіздер. Балаларды 26 қаңтарда жаппай атамыз”, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, халықтың үрейін ұшыруға бағытталған бірнеше хабарламалар бар. "Ақтөбе түгел қанға боялады", "Ақтөбе мәңгі есінде сақтайды", "Жұманы бәрі есінде сақтайды" деген сынды бопсалау хабарламалар бар.

Полиция бұл арнаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады. 

“Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз, – деп мәлімдеді Ақтөбе ПД.

Screenshot_14.jpg

40-қа толып қартайғаны үшін өксіп жылаған Қайрат Әділгерей халықтың жүрегін ауыртты
Тоқаев төтенше жағдайлар министріне ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу