Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жастағы тұрғыны Гаухар Бегалиева екі қыз бен бір ұл босанды. Нәрестелердің салмағы — 1875, 1735, 2040 грамм.
Жаңа туған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшем медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулығы жақсарған соң, перзентханадан шығарылған.
Бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы осылайша, көпбалалы жанұя қатарына қосылды. Анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар боп қызмет етеді.