Талдықорғанда жігіт балабақша маңында 10 жасар қызды зорламақ болған

Oinet.kz 08-01-2024 600

Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды зорламақ болған. Өтіп бара жатқандар қызды ер адамның залым әрекетінен құтқарып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Деректерге сай оқиға “Күншуақ” балабақшасының маңында болған. 10 жасар қызға белгісіз азамат келіп өлтіретінін айтып қорқытқан. Содан соң шалбарын шешіп, жыныстық қатынасқа түспек болғанда өтіп бара жатқан адам байқап, көмекке келген. 

Кейін қыз анасына хабарласып, барлық мән-жайды айтып берген. 

Полицейлер ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

“Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам көтеріліп, шағын ауданның периметрі қоршалған. Іс бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.

40 жаста үшем босанған ана оларға ерекше есімдер қойды
Искусство выигрыша: Необычные стратегии и системы казино, о которых вы не знали
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу