Ішкі істер министрлігі шетелдік автокөлігін тіркеп үлгермеген қазақстандықтарға ескерту жасады

Oinet.kz 19-01-2024 296

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелінген автокөлігін тіркеп үлгермеген қазақстандықтарға нұсқаулық ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрліктің мәліметінше, қазір ел аумағындағы заңды тіркелмеген шетелдік көліктердің нақты саны белгісіз. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру өткен жылы қаңтарда қолға алынды. Осы күнге дейін автокөлігін тіркемеген азаматтар, көлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда арнайы төлемдерді жасауы тиіс", - делінген министрлік хабарламасында. 

Министрліктің ақпаратында айтылғандай 304 мыңнан астам шетелдік автокөлік тіркелді. Оның 21 мыңы — автоконструктор. 55 мың автокөлік уақытша есепке алынған. 

"Шетелдік автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", – делінген хабарламада.

Искусство выигрыша: Необычные стратегии и системы казино, о которых вы не знали
БҚО-да әкімдік 120 млн теңгенің жерін 765 мың теңгеге сатып жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу