Украинадағы соғыс туралы жазған қазақстандық басылым Ресейдің сотына шақырылды

Oinet.kz 01-02-2023 740

Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс туралы мақала жазғаны үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақыртылды. Қарсы тараптан арыз беруші – Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, шақырту қағазында «Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады» деп жазылған.

Өз кезегінде Arbat.media бұл айыппен келіспейтінін бірден мәлімдеді. Бұл Ресей тарапынан жасалған алғашқы қысым емес. Сөз бостандығына кедергі келтіріп қана қоймай, Украинадағы жағдай туралы жазған мәліметтерді өшіртуге тырысады. Осыған дейін Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық байланыс саласын бақылайтын федерациялық қызметі (Роскомнадзор) бірнеше қазақстандық басылымнан Украинадағы соғыс туралы материалдарын алып тастауды талап еткен.

«Шөлдала бекетіндегі сарбаз өлімі»: Шекарадағы 36 адамның бәрі ДНК-сараптамасынан өтетін болды
Балалар «қорқынышты» ойыншыққа неліктен әуестеніп кетті – Мамандар негізгі себебін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу