20 қараша - ел тарихындағы елеулі күн
2022 жылы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлау күнін белгілейтін жарлыққа қол қойды. Алдағы сайлауда жеңіске жеткен кандидат елді жеті жыл басқармақ және ол ең жоғары лауазымды қызметті бір-ақ мерзім атқарады, қайта сайлана алмайды.
Елдің ішкі және сыртқы сын-қатерлерге лайықты жауап беру мүмкіндігі, қоғамның біртұтастығы, мемлекеттің тұрақтылығы - бірқалыпты және тұрақты саяси жүйеге байланысты. Сайлау туралы білу және сайлауға қатысу ҚР-ның әрбір азматының міндеті және борышы деп санаймын.
Себебі сайлауға қатысу арқылы біз халық билігінің орындалуына, ел алдындағы саяси міндетіміздің бірін орындауға үлес қосамыз.
Әрбір азаматтың саяси құқығы мен жауапкершілігінің жоғары болғаны дұрыс. Сайлаудағы әрбір дауыстың қажеттілігі мен маңыздылығы бар. Ендеше сайлауға қатысуда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымымыз бен міндетімізді орындайық.
Ержан МАХАШОВ,
Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов ЖОМ директоры