Түркістан облысында деструктивті-діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі заттарын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.
Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткі затына ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде алынған түптер құрамында есірткісі бар «сора» болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі