Полицейлер 16 жайт мал ұрлығына қатысы бар 3-еуді ұстады

Oinet.kz 14-07-2022 393

Screenshot_16.jpg

Сарыағаш  аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 1 бас жылқысының  жайылымнан ұрланғаны бойынша шағым түсірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Хабарлама алысымен сарыағаштық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды.  Полицейлер өз тәжірибелеріне сүйене отырып, ұрылардың ізіне түсу үшін шұғыл және жоспарланған әрекеттерді жүзеге асырды. Мал жайылымдарына шығып, тиянақты тексерулерді ұйымдастырды. Көрген-білгендерден жауап алып, жан-жақты сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Өзбекстан елінің азаматын  ұстады.

Тексеру кезінде күдікті жас жігіт өзімен бірге мал ұрлығымен айналысқан, яғни қылмысты ұйымдастырушы тағы 2 күдіктінің  бар екенін айтты. Осыдан соң полицейлер қалған азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде   оларды  көп ұзамай қолға түсірді. Жалпы  ұсталған азаматтардың екеуі Өзбекстан Республикасының азаматы болса, бір азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Тиянақты тексеру мен зерделеу барысында осы ұсталғандардың 16 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Ал шығын көлемі 10  миллион теңгеден жоғары екені белгілі болды.

Анықталғандай, күдіктілер қылмыс жасау барысында өз рөлдерін алдын ала жоспар бойынша орындаған. Мысалы басты күдікті мал жайылымында қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда жүк көлігіне тиеп  отырған. Содан сыбайласы екеуі ұрланған үй жануарларын сатып алушыларға, қасапшыға арзан бағада өткізген. Олар ұрлаған олжаларын «Газель» маркалы көлігімен тасымалдаған. Полиция қызметкерлері  айғақты зат ретінде күдіктілерден «Газель» көлігі мен 2  бас жылқыны тәркілеп алды. Дәл қазіргі уақытта  күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Тәртіп сақшылары ұсталғандардың  басқа да  қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. 

Түркістан Облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында зейнеткердің банк кәртішкесінен заңсыз ақша алған ер адам ұсталды
Шетелден арзан бағада зат әперемін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу